×
542.03
627.29
6.66
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.03
627.29
6.66

Бұлар «бұзақылық» емес, «кісі өлтіру» бабымен сотталуы керек еді – Шерзаттың әпкесі

05.06.2025, 17:11
Бұлар «бұзақылық» емес, «кісі өлтіру» бабымен сотталуы керек еді – Шерзаттың әпкесі
Ulysmedia.kz

Кісі қолынан мерт болған Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымова мен олардың құқығын қорғаған адвокат Мейірман Шекеев сотталушыларға шыққан үкім жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘПКЕСІ НЕ ДЕЙДІ

Сот шешіміне амал жоқ, келісеміз. Бірінші болған адвокаттардың бұл солардың “еңбегі”. Солардың обалынан кеткен дүние. Бұлар “бұзақылық” емес, “кісі өлтіру” бабымен кетуі керек еді. Бірақ қазір осы соңғы процестерінде қорғаушыларымыздың еңбегінің арқасында осындай дәрежеге жеткеніне шүкіршілік етеміз. Үлкен алғыс айтамыз. Өзімізден бөлек, бұл кісілерге де қауіп төнеді деген қорқыныш болды. Менің ата-анам да, бауырларым да солай алаңдады, – деді Перизат Нұрымова.

Ол қазір келісуге үкіммен келісуге тура келеді мәлімдеді.

Бұл бап та болмауы, сотқа да жетпеуі мүмкін еді. Қазір сот біткен күннің өзінде де бұл балалардың ешқандай өкініші жоқ. Өзіміз атылып, ата-аналары атылып, “біз шықпайды деп ойлайсыздар ма?” деген қоқан-лоқылары әлі жасалып жатыр. Бізге қолдарымен, ишарамен көрсетілген қоқан-лоқылары бар. Сот кезінде де ол болды, – деді ол.

АДВОКАТЫНЫҢ ПІКІРІ

Адвокат Мейірман Шекеев сот жақсы өтті деп баға берді.

Төрағаға ризашылығымызды білдіреміз. Өйткені осындай ауыр процесті өткізу әрдайым эмоцияға толы болады. Айқай-шу болады. Кейбір моменттер болды. Жалпы үкіммен келісеміз. Өтемақы бойынша да қанағаттанамыз, – деді Шекеев.

Талғарда кісі қолынан мерт болған жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесіне бүгін нүкте қойылды. Судья Ержан Жанұзақов прокурор сұрағандай сотталушыларға 1,5-23 жыл аралығында түрмелік үкім кесті.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Шерзат Полаттың өлімінде негізгі айыпталушы Абзал Шынасыл ғана емес, қалған күдіктілер де сотталуы мүмкін екені бұған дейін айтылған. Себеб жәбірленуші тарап сотқа осындай талап-арыз түсірген. Алайда прокурорлар бұған қарсы шықты.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев марқұмның әкесі, анасы мен әжесіне сұралатын моральдық өтемақының мөлшерін айтты. Жәбірленушілердің сотталушылардан сұрап отырған жалпы сомасы 600 млн теңгеден асады.

Жарыссөзде прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыларды 7-23 жыл аралығында соттауды сұрады.

Серіктес жаңалықтары