Алматы полициясы қыздың әлеуметтік желідегі мәлімдемесінен кейін зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Қыздың айтуынша, қылмыс қаладағы түнгі клубтардың бірінде болған. Жәбірленуші өзін Елисей деп таныстырып, видеоүндеу жасады. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Медеу аудандық полиция басқармасы бірден тексерісті бастаған. Қыздың жеке басы анықталып, ол ресми арыз жазған.
КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адам – аталған мекеменің басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Полиция департаменті жәбірленуші келтірген барлық мән-жай ескеріліп, тергеу жүріп жатқанын атап өтті. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қылмыстық істің тергеу барысы ведомство басшылығының бақылауында.
Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында белгісіз біреу қыз пәтерге кіріп бара жатқанда артынан еріп, жұлып алып кетіп, зорламақ болғанын хабарлаған едік.