×
510.19
582.79
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.19
582.79
6.46

Үкіметтегі ең жас министр қызметінен кетті

Бүгін, 13:43
Үкіметтегі ең жас министр қызметінен кетті
Ұлысмедиа коллажы

Қарабаевтың қызметінен кеткені туралы ақпаратты Ақорда таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды, – делінген ақпаратта.

МАРАТ ҚАРАБАЕВ

Марат Қарабаев көлік министрі қызметін 2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап атқарды.

2025 жылғы 14 мамыр күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласын дамыту мәселелері бойынша Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізген. Сол жиында Марат Қарабаевқа жұмыстағы кемшіліктері үшін сөгіс жариялаған еді.  Сол жиында мемлекет басшысы көлік-логистика саласындағы проблемаларды шешуге қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырған.

Айта кетейік, Марат Қарабаев Үкіметтегі ең жас министр болды.

Ол 1987 жылы 4 шілдеде дүниеге келген.

2010 жылы “Болашақ” бағдарламасы бойынша Уорвик (Ұлыбритания) университетін – “Өндірісті-жүйелік инженерия” мамандығы бойынша үздік аяқтаған, 2015 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін “Экономика” мамандығы бойынша аяқтаған.

 

Серіктес жаңалықтары