×
508.5
580.66
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.5
580.66
6.44

Қазақстанда ең аз жалақыны кімдер алып жүр

10.06.2025, 10:43
Қазақстанда ең аз жалақыны кімдер алып жүр
Ulysmedia.kz коллажы

Медицина және әлеуметтік қызмет көрсету саласы ең аз жалақы төленетін бес саланың қатарына кірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МЕДИЦИНА

Қазақстанның ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың бірінші тоқсанында «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер» санатындағы номиналды орташа айлық жалақы 312,8 мың теңге болды. Бұл экономика бойынша орташа көрсеткіштен 26,1%-ға төмен. 

ЕҢ АЗ ЖАЛАҚЫ АЛАТЫН САЛАЛАР

Медицинаны да артта қалдырып, ең төмен жалақы тіркелген салалар:

  • Ауыл шаруашылығы — 248,9 мың теңге
  • Өнер — 284,9 мың теңге
  • Коммуналдық қызметтер — 286 мың теңге
  • Білім беру — 302,4 мың теңге

Айта кетейік, денсаулық сақтау саласы соңғы екі жылдан бері ең төмен жалақы алатын салалар қатарынан түспей келеді. Салыстыру үшін: 2021 жылы бұл сала ең төменгі жалақы деңгейі бойынша тек 10-орында болған.

ЖАЛАҚЫСЫ ЖОҒАРЫ САЛАЛАР

Әдеттегідей, ең жоғары номиналды жалақы көрсеткіштері келесі салаларда тіркелген:

  • Тау-кен өндіру және карьерлерді игеру — 981,4 мың теңге
  • Ақпарат және байланыс — 859,8 мың теңге
  • Қаржы және сақтандыру — 855,5 мың теңге
Серіктес жаңалықтары