×
508.42
580.72
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.42
580.72
6.48

Қорғаныс министрі болған Руслан Жақсылықов тергеуге алынды

10.06.2025, 14:10
Қорғаныс министрі болған Руслан Жақсылықов тергеуге алынды
Ашық дереккөзден

Редакция дереккөздері Руслан Жақсылықов қамауға алынғанын хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

10 маусымда Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов тергеуге алынып, Астана қаласының уақытша изоляторына қамалған. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланған жоқ.

Редакция толығырақ мән-жайды анықтау үшін ресми органдардан ақпарат сұратып жатыр. Алайда Руслан Жақсылықовтың қатысы болуы мүмкін қылмыстық іс бойынша тергеу басталған. Дегенмен, оған «күдікті» мәртебесі берілмеген.

- Менің дереккөзімнің айтуынша, бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қылмыстық іс аясында расымен де назарда болған. Тергеумен арнайы қызмет өкілдері айналысып жатыр, ал жақында жедел тергеу әрекеттері – яғни, тінту жүргізілген. Алайда қазіргі таңда Жақсылықов тіпті күдікті де емес, – деп жазды журналист Михаил Козачков.

Еске сала кетейік, 8 маусымда Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылып, оның орнына Дәурен Қосанов тағайындалған еді. 

Ulysmedia.kz бұған дейін Жақсылықовтың отставка кетуінің шынайы себебі неде болуы мүмкін екенін зерттеп көрген.

Серіктес жаңалықтары