×
507.8
580.82
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
507.8
580.82
6.44

Экономист: Қазақстанды басқа елдермен салыстыру дұрыс емес

11.06.2025, 09:00
Экономист: Қазақстанды басқа елдермен салыстыру дұрыс емес
Ашық дереккөзден

Расул Рысмамбетовтің айтуынша, Қазақстан көршілермен салыстыруға емес, өңірлік интеграцияға негіз болатын платформаға айналуы тиіс, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Экономист Расул Рысмамбетов Орталық Азиядағы қазіргі экономикалық үдерістерге пікір білдіріп, Қазақстанды өзге елдермен салыстыру дұрыс емес әрі жағдайды түсінуге кедергі келтіреді деп атап өтті. Оның айтуынша, өңір елдері экономикалық циклдің әртүрлі кезеңінде тұр: бірі экспорт саясатының алғашқы қадамдарын жасап жатса, енді бірі жабықтық кезеңінен енді ғана шығып келеді, ал кейбірі миграция мен демографиялық ресурстар арқылы капитал қорын қалыптастырып жатыр.

- Салыстыру — бұл аталған экономикалардың әртүрлі "физиологиясын" елемеу деген сөз. Қазақстан — 30-шы шақырымда келе жатқан марафоншы сияқты, ол қай жерде "тырма" жатқанын біледі, — деп мысал келтірді Рысмамбетов.

Экономист Қазақстан бұрыннан-ақ нарықты либерализациялаудан бастап, жаһандық экономикалық үдерістерге кірігуге дейінгі бірнеше күрделі кезеңді еңсергенін еске салды. Бүгінде елде қалыптасқан реттеу институттары, макроқаржылық тұрақтылық және қуатты шикізаттық экспорттық база бар. Дегенмен Рысмамбетовтің пікірінше, қазіргі негізгі міндет — көшбасшылық үшін бәсеке емес, өңірлік теңгерімді құрылым қалыптастыру. Бұл құрылымда Қазақстан пирамида басындағы ел емес, тұғыр рөлін атқаруы керек.

Осы үлгіні жүзеге асыру үшін Рысмамбетов мыналарды ұсынады:

  • ел ішінде, әсіресе тау-кен металлургия кешенінде, өңдеуді тереңдету;
  • агросекторды жаңғыртып, технологиялық альянстар құру;
  • Орталық Еуразия үшін бірыңғай логистикалық платформа қалыптастыру.
Серіктес жаңалықтары