×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Бір күнде 17 адам полицейлердің заңсыз әрекетіне шағымданды

16.01.2022, 17:38
Бір күнде 17 адам полицейлердің заңсыз әрекетіне шағымданды
Фото: Ашық дереккөзден

ІІМ-нің сенім телефондарына полицейлердің әрекеттеріне қатысты 17 қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы рolisia.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте сенім телефондарына азаматтардан 57 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 40 өтініш консультативтік-анықтамалық сипатта (көші-қон, халықты құжаттандыру, көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу, айыппұл есептеу, сақтандыру, әлеуметтік мәселелер, ЖКО мәселелері, ақылы жолдардың, ХҚКО-лардың жұмыс істеуі және т.б.) және 17-сі полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне байланысты болды. Мән-жайды анықтауды қажет ететін барлық келіп түскен өтініштер бойынша тексерулер жүргізіледі (АЕК-те 8 өтініш тіркелді және 4-і бойынша қызметтік тергеу тағайындалды) және шағымданушыларға толық түсініктеме берілді.

«Мысалы, 15 қаңтарда «Әділет жолы» РҚБ-нің өкілі А. Пшеновтен Семей қаласында ұсталған 2001 жылы туған О.есімді азаматтың тағдырын білуді сұраған өтініш келіп түсті. Аталған өтінішті тексеру кезінде О.есімді азаматтың ҚР ҚПК-нің 128 және 131-баптары бойынша ҚР ҚК-тің 269-бабының 3-бөлігі (Ғимарат пен құрылысқа шабуыл жасау) және 272-бабының 2-бөлігі (Жаппай тәртіпсіздік) бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғаны анықталды. 9 қаңтарда Семей қаласының соты ұсталған адамға қатысты екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Тексеру нәтижелері бойынша О.есімді азаматтың орналасқан жері туралы Пшеновқа хабарланды», - делінген хабарламада.

Осыған ұқсас әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Instagram әлеуметтік желісінде «Di Seisen» парақшасында Алматы қаласындағы митингілер мен тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен ұсталған жігіттің әкесі жазған хабарлама орналастырылған. Ол ұлым Алматы қалалық ПД УҰИ-да жүргенде оны ұрып-соққан деп жазған. Осы хабарлама бойынша өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі тексеруді бастады. Тексеру кезінде жәбірленуші мен оның әкесінің сауалнамалық деректері анықталды. Бірақ соңғысы полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне байланысты өтініш беруден бас тартқан.

ІІМ ӨҚД-нің сенім телефонына «14-02» жүгінген азаматтар консультациялық-анықтамалық көмектер ала алады.