×
507.8
580.82
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
507.8
580.82
6.44

«Біздің жауларымыздың ісі»: Балаева журналистерге жасалған шабуылды айыптады

11.06.2025, 12:20
«Біздің жауларымыздың ісі»: Балаева журналистерге жасалған шабуылды айыптады
Ұлысмедиа коллажы

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистерге қарсы көбейген шабуыл жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда дәлізінде БАҚ өкілдері кейінгі кезде бірнеше журналист түрлі шабуылға тап болғанын еске салды. Солардың қатарында — Ulysmedia порталының бас редакторы Самал Ибраева да бар: оның фотосуреті мен телефон нөмірі интимдік қызметтер көрсетілетін сайтқа жарияланған. Ал ORDA сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың есімі жазылған құлпытастың суретін белгісіз біреулер әлеуметтік желіде таратқан. Сондай-ақ, «Обожаю» Telegram-арнасының авторы Асхат Ниязовтың телефон нөмірі мен отбасылық мекенжайы танысу сайтына жалған қыздың атынан жарияланған.

Бұл мәселеге орай министр Аида Балаева пікір білдіріп, мұндай әрекеттердің артында тек журналистерді ғана емес, тұтас мемлекетті қаралауды көздеген топтар тұрғанын айтты.

Мен сіздермен толық келісемін. Бұл — тек тәуелсіз журналистерді қорқыту немесе беделін түсіру үшін емес, мемлекеттік органдарды, жалпы мемлекетті қаралау мақсатында жасалып отырған әрекет. Мұндайды біздің жауларымыздың ісі деуге болады, — деді министр.

ШАБУЫЛ ЖАЙЛЫ

Айта кетейік, Ұлысмедиа порталының бас редакторы Самал Ибраеваға Kyzdar.net сайты арқылы сұмдық шабуыл жасалды. Самал Ибраеваның суреті, аты-жөні мен телефон нөмірі интим қызмет көрсетілетін сайттағы жалған анкетаға жарияланған болатын. 

Осы жайтқа байланысты Самал Ибраева президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, көмек сұраған болатын. Кейін Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Ұлысмедиа порталының бас редакторы Самал Ибраеваға жасалған кибершабуылға қатысты пікір білдіріп, “шабуыл жасағандарды табамыз, жауапкершілікке тартамыз” деген.

Серіктес жаңалықтары