×
507.8
580.82
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
507.8
580.82
6.44

Өскемен әуежайына қатысты тергеу басталды

11.06.2025, 14:45
Өскемен әуежайына қатысты тергеу басталды
Ulysmedia.kz коллажы

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен әуежайы» АҚ-ға қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тергеу 2022–2024 жылдар аралығы мен 2025 жылдың қаңтар айын қамтитын әуежанармайды бөлшек саудада сату нарығындағы бәсекелестік жағдайына жүргізілген жоспардан тыс талдау нәтижесіне байланысты басталған.

- Талдау қорытындысы бойынша, «Өскемен әуежайы» АҚ-ның әрекеттерінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталды. Атап айтқанда, бұл – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 1-тармағында көзделген монополиялық жоғары (не төмен) бағаны белгілеу және ұстап тұру бөліміне қатысты, – деп хабарлады бәсекелестікті қорғау агенттігі.

Агенттік мәліметінше, бұзушылықтардың бар-жоғын нақтылау мақсатында тиісті тергеу процедурасы басталған.

Серіктес жаңалықтары