×
507.8
580.82
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
507.8
580.82
6.44

Қазақстанда халыққа қолжетімді ипотека енгізу ұсынылды

11.06.2025, 18:40
Қазақстанда халыққа қолжетімді ипотека енгізу ұсынылды
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда қолжетімді ипотека енгізу ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛҒА БЕРУ

Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалдин халықтың баспана алуға ниетті болғанымен, құжат жинау процесінің күрделілігі мен нәтижесінде ипотекалық несие мақұлданбай қалуы жиі кездесетінін атап өтті.

– Бірқатар бастаманы қарастыруды ұсынамыз. Атап айтқанда, "сатып алу құқығымен жалға беру" жүйесін енгізу. Бұл жүйеде жалдау төлемінің бір бөлігі бастапқы жарна ретінде есептеледі. Осылайша азамат үш жыл ішінде қаржы жинап қана қоймай, төлем қабілеттілігін де дәлелдей алады. Бұл тәсіл жастарға, жалғызбасты аналарға және әлеуметтік осал топтарға тиімді болар еді. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктерге тұрғын үй жинақтау жүйесіне қатысу мүмкіндігін беруді ұсынамын, – деді депутат.

Оның айтуынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) қаражатын ұзақмерзімді ипотекалық қаржыландыру нарығына бағыттауға болады. Бұл несие пайыздарын төмендетіп, бәсекелестікті арттырып, халық үшін таңдау аясын кеңейтіп, несиелерді қолжетімді етеді.

ЦИФРЛЫҚ ИПОТЕКА

Сатыбалдыин сондай-ақ мемлекеттік органдар мен банктер арасында дерек алмасу механизмін қалыптастырып, автонесие секілді жылдам рәсімделетін онлайн ипотекалық платформа енгізуді ұсынды. Оның сөзінше, бұл – бюрократиясыз "жылдам цифрлық ипотека" арқылы баспана алуға жол ашатын жүйе.

БҰҒАН ДЕЙІН

Айта кетейік, бұған дейін екінші нарықтағы үйді ипотекаға беру уақытша тоқтатылатыны туралы ақпарат әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Баспана жөніндегі сарапшы Арайлым Шоманова бұл жаңалықтың мән-жайын түсіндірген болатын

Серіктес жаңалықтары