×
511.77
593.19
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.77
593.19
6.41

РФ елшісі Қазақстандағы орыс тілінің жағдайына қатысты пікір білдірді

12.06.2025, 09:00
РФ елшісі Қазақстандағы орыс тілінің жағдайына қатысты пікір білдірді
kazakhstan.mid.ru

Қазақстандағы Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкин Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанмен ынтымақтастыққа кері әсер етпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Алексей Бородавкиннің айтуынша, Ресей, Қазақстан және Еуразиядағы өзге де серіктес елдердің экономикалық әрі саяси ынтымақтастығы тұрақты дамып келеді. Ешқандай антиресейлік санкциялар мен соған қатысты қауіп-қатерлер бұл үдерісті тоқтата алмайды.

– Ресей мен Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі көлік байланысын дамыту бағытында күш біріктіруде. Бұл тұрғыда Ресей, Қазақстан, Түрікменстан мен Иранды Парсы шығанағымен байланыстыратын «Солтүстік – Оңтүстік» бағыты аса маңызды. Сондай-ақ бұл бағыт Өзбекстан, Ауғанстан және Пәкістан аумақтарын қамти отырып, аралас жүк және жолаушы тасымалына арналған транзиттік желі құруды көздейді. Экономикалық интеграциядағы оң өзгерістерді заңсыз санкциялар да, екінші деңгейлі шектеу шаралары да тоқтата алмайды, – деді дипломат ТАСС агенттігіне берген сұхбатында.

ИНВЕСТИЦИЯ

Елші Қазақстанмен жүзеге асып жатқан маңызды жобалардың бірі – Байқоңырдағы «Бәйтерек» кешені екенін атап өтті. Оның айтуынша, биылғы желтоқсанда аталмыш кешеннен ресейлік «Союз-5» зымыраны ұшырылмақ.

– Ресми емес мәліметке сәйкес, Ресейдің Қазақстан экономикасына құйған инвестициясы 56 миллиард доллар шамасында. Қазақстан аумағында шамамен 20 мың ресей-қазақ бірлескен кәсіпорны жұмыс істеп тұр. Екі ел арасындағы есеп айырысуда ұлттық валюталардың үлесі 90 пайызға жетті, – деді ол.

Сондай-ақ Бородавкин Ресей мен Қазақстанның одақтас екенін және бұл ұстанымды халықаралық ұйымдар аясындағы бірлескен әрекеттер арқылы бірнеше рет дәлелдегенін айтты. Елші Қазақстандағы орыс тілінің жағдайына да жеке тоқталып өтті. Оның сөзінше, республикада орыс тіліне қолдау көрсетіліп келеді.

Серіктес жаңалықтары