×
511.77
593.19
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.77
593.19
6.41

Кәсіпкерден 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды

12.06.2025, 17:31
Кәсіпкерден 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Ашық дереккөзден

Жетісу облысының аудандық соты ірі көлемде бопсалау ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Сот мәліметінше, 2024 жылғы қараша айында әлеуметтік желіде 29 мыңнан астам жазылушысы бар блогер Қаратал ауданындағы сапасыз салынған үйлер туралы видеоматериалдар жариялаған. Кейін ол аталған видеоларды әлеуметтік желідегі парақшаларынан алып тастау үшін кәсіпкерден 10 миллион теңге талап еткен.

Ақшаны алу сәтінде блогер полиция қызметкерлері тарапынан ұсталды.

СОТ ҮКІМІ

Сот оны кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзету мекемесінде 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Серіктес жаңалықтары