Air India әуе компаниясының Үндістанда апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағы дәрігерлерге арналған жатақхана ғимаратына құлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Hindustan Times дерегінше, ұшақ құлау кезінде жатақхананың шатырына тиген. Ақпарат көздерінің айтуынша, бұл ғимаратта жергілікті медициналық колледждің интерн-дәрігерлеріне арналған хостел орналасқан. Куәгерлер түсірген видеожазбаларға сәйкес, апат болған аумақта жер жанып кеткен, ғимараттарда өрт іздері анық байқалады. Жердегі қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар-жоғы нақты көрсетілмеген.
ЖОЛАУШЫЛАР
Ұшақ бортында барлығы 242 адам болған. Оның ішінде 230-ы – ересек жолаушылар мен балалар, 12-сі – экипаж мүшелері. Air India компаниясының мәліметінше, апатқа ұшыраған рейсте 169 Үндістан, 53 Ұлыбритания азаматы, жеті португалдық және бір канадалық болған.