×
511.77
593.19
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.77
593.19
6.41

Әлемде тағы қақтығыс: Израиль Иранды бомбалай бастады

13.06.2025, 08:04
Әлемде тағы қақтығыс: Израиль Иранды бомбалай бастады

Израиль қорғаныс армиясы Иран аумағындағы әскери нысандарға қарсы әуе операцияларын бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Соққының басты мақсаты – Иранның ядролық бағдарламасына қатысты нысандар. ЦАХАЛ (Израиль қорғаныс армиясы) мәліметінше, Иранда қысқа мерзім ішінде 15 ядролық оқтұмсық жасауға жететін байытылған уран қоры жиналған. Израиль мұны ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп деп бағалап, операция бірнеше күнге жалғасатынын мәлімдеді.

CNN дерегінше, Тель-Авив Ираннан ауқымды қарымта соққы күтуде. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл соққы алдыңғылардың бәрінен де күшті болуы мүмкін. Израильде төтенше жағдай жарияланып, Қарулы күштер толық жауынгерлік дайындыққа көшкен.

Қорғаныс министрі тұрғындарды алдағы сағаттарда болуы мүмкін шабуылдарға дайын болуға шақырды. Кешкі телеүндеуінде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранда бірнеше минут ішінде Израиль аумағындағы нысандарды дәл соға алатын баллистикалық зымырандар бар екенін мәлімдеді. Ол елдің кез келген сценарийге дайын екенін және азаматтарын қорғау үшін қолдан келгеннің бәрі жасалатынын атап өтті.

Таяу Шығыстағы ахуал күрт ушығып тұр. Израильдің бұл операциясы аймақтағы қақтығыстың жаңа кезеңін бастап беруі мүмкін.

ИРАН ТАРАПЫ НЕ ДЕЙДІ

Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының ресми өкілі Эбрахим Резаи Тегеранға жасалған Израиль шабуылы жауапсыз қалмайтынын мәлімдеді. Оның сөзін Иранның ILNA агенттігі келтіреді “Еш зұлымдық (Израиль шабуылы – ред.) жазасыз қалмайды” деді Резаи.

 

Серіктес жаңалықтары