×
511.92
588.91
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.92
588.91
6.44

"Айналамда мәйіттер жатты". Үндістандағы ұшақ апатында тек бір адам тірі қалған

13.06.2025, 10:00
"Айналамда мәйіттер жатты". Үндістандағы ұшақ апатында тек бір адам тірі қалған
Ulysmedia.kz коллажы

12 маусымда болған Үндістандағы ұшақ апатынан бір ғана жолаушы аман қалған. Ол 40 жастағы Вишваш Кумар Рамеш. Ол есін жиған кезде мәйіттердің арасында жатқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Вишваш — Ұлыбритания азаматы. Ол Үндістанда бірнеше күн отбасын көру үшін болған, үйіне бауыры Аджай Кумар Рамешпен бірге келе жатқан.

Қазір Вишваш Ахмадабадтағы Асарва ауруханасында жатыр, ал ұшақта қасында отырған бауыры әлі табылмаған. 

Аман қалған азамат есін жиғанда қатты шошынғанын айтады — себебі айналасында мәйіттер жатқан. 

- Менің айналамда мәйіттер, ұшақ сынықтары болды. Қатты қорқып кеттім, орнымнан тұрып, жүгіре жөнелдім. Бірақ мені ұстап алып, көлікке отырғызып, ауруханаға жеткізді, - дейді ол.

Аман қалған Вишваштың айтуынша, ұшақ көтеріле бастағаннан кейін 30 секунд өткен соң қатты дыбыс естілген, содан кейін әуе кемесі күрт биіктігін жоғалта бастаған.

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМГЕ ӨЗІ ЖҮГІРІП БАРҒАН

Ер адам ауруханаға қолы, аяғы және көздері жарақаттанып жеткізілген. Видео кадрларынан оның жедел жәрдем көлігіне өзі жүріп бара жатқанын көруге болады.

Рамештің отырғызу талонына сәйкес, апатқа ұшыраған ұшақта ол 11А орнында отырған. Оның бауыры — ұшақтың басқа қатарында болған.

ҰШАҚ АПАТЫ

Еске салайық, 12 маусымда Air India әуе компаниясының Ахмадабадтан Лондонға бет алған Boeing 787 Dreamliner ұшағы әуеге көтерілгеннен көп ұзамай апатқа ұшырады.

Air India мәліметінше, ұшақ бортында 242 адам болған. Оның ішінде төрт елдің азаматтары бар. Олардың 169-ы - Үндістан азаматтары, 53-і - Ұлыбритания азаматтары, 1 - Канада азаматы және 7 - Португалия азаматтары.

Серіктес жаңалықтары