Зәулім үй бұған дейін аукционда бірнеше рет өтпей қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астана әкімдігі қалалық активтер мен мемлекеттік сатып алулар басқармасының жауабын жолдады. Онда аталған нысанды қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау жоспарда жоқтығы жазылған.
ҚАНДАЙ ҮЙ ЖАЙЫНДА СӨЗ БОЛЫП ОТЫР
Әңгіме елордадағы Нұра ауданында орналасқан Қараоткель ықшамауданындағы сәнді особняк туралы. Бұл нысан Қайтарылған активтерді басқару компаниясының балансында тұрған. Оның бастапқы сатылым бағасы 1,6 миллиард теңге болған.
Ресейлік бұқаралық ақпарат құралы бұған дейін кәсіпкер Мұхтар Жәкішев Кәрім Мәсімовтің үйін сатып алды деген ақпаратты таратқан еді. Алайда бұл жалған ақпарат болып шықты.
Зәулім үй екі рет аукционға шығарылғанымен сатып алушылар табылмады.