×
511.92
588.91
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.92
588.91
6.44

Ақмола облысында 323 миллион теңгеге бағаланған егістік жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Бүгін, 12:46
Ақмола облысында 323 миллион теңгеге бағаланған егістік жер мемлекет меншігіне қайтарылды
ашық дереккөз

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Ақмола облысында жайылымдық жер мен егістік алқаптар тапшы. Осы себепті өңір прокурорлары пайдаланылмай жатқан жер телімдерін анықтау және қайтару бойынша жұмыстарды жиі жүргізеді.

Біржан сал ауданының прокуратурасы жер пайдаланушылардың едәуір бөлігі ұзақ уақыт бойы Жер кодексін бұзып, жер телімдерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды.

– Жол берілген заң бұзушылықтарға байланысты Біржан сал ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша кадастрлық құны 323 миллион теңге болатын 22 мың гектардан астам егістік жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, – делінген хабарламада.

Жергілікті атқарушы органдар қайтарылған жерлерді адал жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлерге пайдалануға беретіні нақтыланды.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында шенеуніктер 6,5 миллион теңгенің жерін заңсыз таратқанын хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары