Қостанай облысында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша айыптау актісі бекітілді, деп хабарлады Ulysmedia.kz прокуратураға сілтеме жасап.
МӘН-ЖАЙ
Тергеу мәліметінше, Новотроицк ауылдық округі әкімдігі аппаратының әдіскер-бухгалтері 2021 жылғы тамыздан 2025 жылғы наурызға дейін үнемделген қаржы есебінен өзіне заңсыз түрде 9,7 миллион теңге аударып отырған. Ол бұл ақшаны жеке қажетіне жұмсаған.
Оған сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі көлемде, қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып ұрлау бабы бойынша айып тағылды. Бұл қылмыс үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында бір бухгалтер 7 миллион теңгеге жуық қаржыны ұрлап, оны құмар ойындарға жұмсағаны хабарланған болатын.