Ақтаудың бірнеше шағынауданындағы жағалау маңынан жергілікті тұрғындар өлі шаяндарды тапты, деп хабарлады Ulysmedia.kz
МӘН-ЖАЙ
7, 9 және 14-шағынаудандардағы таулы жағажайдың таяз суларында өлі шаянтәрізділер анықталған. Lada.kz жазуынша, жергілікті тұрғындарды алаңдатып отырғаны — қырылған шаяндардың көбісі жас даралар болған.
Халық бұған химиялық ластану немесе басқа да факторлар себеп болуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Кейбір тұрғындар бұл жағдай теңіз жануарларына ғана емес, сол маңда шомылатын адамдарға да қауіп төндіруі мүмкін деп алаңдап отыр.
Экологтар әзірше жағдайға қатысты түсінік берген жоқ.
Еске салайық, 2024 жылы да Маңғыстаудағы су ағызу арнасынан да көптеген өлі шаян табылған еді.