×
511.92
588.91
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.92
588.91
6.44

Си Цзиньпиннің сапары: 16–18 маусымда Астанада қай көшелер жабылады

Бүгін, 12:54
Си Цзиньпиннің сапары: 16–18 маусымда Астанада қай көшелер жабылады
Ақорда

2025 жылғы 16 маусымда Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Астанаға ұшып келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Астана әкімдігінің хабарлауынша, 17 маусымда елордада "Қытай – Орталық Азия" іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтеді. Оған өңір елдерінің басшылары қатысады. Осыған байланысты қалада көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

ҚАЙ КӨШЕЛЕР ЖАБЫЛАДЫ

16–18 маусым аралығы:

    •    Қабанбай батыр даңғылы – халықаралық әуежайдан Мәңгілік Ел даңғылына дейін;
    •    Мәңгілік Ел даңғылы – Қабанбай батыр даңғылынан Д. Қонаев көшесіне дейін;
    •    Д. Қонаев көшесі – Мәңгілік Ел даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейін;
    •    Қабанбай батыр даңғылы – Қонаев көшесінен Қорғалжын тас жолына дейін.

17 маусымдаі:
    •    Керей, Жәнібек хандар көшесі – Мәңгілік Ел даңғылынан Шерхан Мұртаза көшесіне дейін;
    •    Тәуелсіздік даңғылы – Керей, Жәнібек хандар көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін;
    •    Сағат 14:00–ден 20:30–ға дейін Бейбітшілік және келісім сарайы маңындағы Қ. Аманжолов пен Ж. Нәжімеденов көшелерінде қозғалыс уақытша шектеледі.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан маршруттарын алдын ала жоспарлап, енгізілетін уақытша жол белгілеріне назар аударуы және қауіпсіздікті сақтау үшін шектеулерге түсіністікпен қарауы сұралады.

Серіктес жаңалықтары