×
511.92
588.91
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.92
588.91
6.44

Дональд Трмап Израиль мен Иранды бітімге шақырды

Бүгін, 10:30
Дональд Трмап Израиль мен Иранды бітімге шақырды
Фото: Ken Cedeno/Pool/Sipa USA/picture alliance

АҚШ президенті Дональд Трмап Израиль мен Иранды бейбіт келісімге келуге шақырды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Иран мен Израиль келісім жасауы керек, және олар келісімге келеді. Мен Үндістан мен Пәкістанды да, АҚШ-пен сауда қарым-қатынасын пайдалана отырып, ақыл-парасат, бірлік пен даналыққа мойынсұнып, дәл осылай келісімге келуге мәжбүр еттім, екі елдің көрнекті көшбасшылары тез шешім қабылдап, қақтығысты тоқтата алды", — деп жазды Трамп Truth Social желісіндегі парақшасында.

15 маусымда Трамп «Жетілік тобы» саммитіне ұшар алдында журналистермен тілдесіп, АҚШ алдағы уақытта да Израильдің қорғанысын қамтамасыз ете беретінін айтты. Бірақ ол Тель-Авивтен Иранға соққы жасауды тоқтатуды сұрады ма, жоқ па ол жөнінде айтпады.

Бұған дейін, Reuters агенттігі дереккөздеріне сілтеп, Дональд Трмап Израильге Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменейді өлтіруге вето қойғаны туралы жазды.

Израиль 13 маусымға қараған түні Иранның ядролық, әскери және энергетика нысандарына әуе шабуылын жасаған. Иран оған қарымта ретінде Израильге зымырандар мен дрондар ұшырды. Кейінгі мәліметтер бойынша, Израиль шабуылдары салдарынан Иранда шамамен 140 адам, соның ішінде жоғары лауазымды әскери қызметкерлер қаза тапқан. Ал Израильдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде Иран шабуылдарынан кемінде 15 адам көз жұмған.

 

Серіктес жаңалықтары