×
511.92
588.91
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.92
588.91
6.44

Иран Израильге тағы соққы жасады — қаза тапқандар бар

Бүгін, 15:09
Иран Израильге тағы соққы жасады — қаза тапқандар бар
Reuters

Бұл жолғы соққыдан Израильдің үш азаматы қаза тапты  Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

16 маусым күні таңертең Иран зымырандарының Израильге жасаған соққысы салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Ynet және The Times of Israel.

«Маген Давид Адом» медициналық қызметінің мәліметінше, қаза тапқандардың жасы шамамен 70-те — екі әйел мен бір ер адам. Сонымен қатар 74 адамның жарақат алғаны хабарланды, олардың көпшілігі жеңіл жарақат алған. 30 жастағы бір әйел ауыр халде, тағы бес адамның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда, деп жазады РБК.

Сонымен қатар Ynet басылымы 100-ден астам зардап шеккен адам туралы ақпарат келтіреді. Олардың екеуі ауыр халде, жетеуінің жағдайы орташа ауыр.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израиль мен Иранда қанша қазақстандық азаматтың жүргені туралы ақпарат берген болатын.

Серіктес жаңалықтары