×
512.44
593.15
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.44
593.15
6.52

“Ешкім қарыз алып жатқан жоқ, бұл — инвестиция”: Жұманғарин Қытаймен экономикалық байланыс жайлы

Бүгін, 10:46
“Ешкім қарыз алып жатқан жоқ, бұл — инвестиция”: Жұманғарин Қытаймен экономикалық байланыс жайлы
Ulysmedia коллажы

Ulysmedia тілшісі премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннен Қазақстан Қытайға қанша қарыз екенін және жаңа келісімшарттар негізінде тағы қанша қарыз алынғалы жатқанын сұрады.

ЖҰМАНҒАРИН НЕ ДЕЙДІ

Мен қайдан білейін кімнің қанша қарыз алып жатқанын... Арамыздағы тауар айналымы 45 млрд АҚШ долларына жетті. Бүкіл Орталық Азияны алсаңыз, қазір тауар айналымы 95 миллион АҚШ доллары. Оның жартысына жуығы – Қазақстанмен тауар айналымы. Онда тек тауар емес, инвестициялар бар. Тауар айналымы болмаса, ешкім инвестиция салмайды, – деді Жұманғарин Астанада өтіп жатқан “Қытай – Орталық Азия” іскерлік кеңесінде.

Вице-премьер Жамбыл облысында үлкен металлургиялық комбинат салынып жатқанын, ол жерге қытай кәсіпкерлері 750 млн доллар инвестиция салатынын айтады.

Ол тікелей инвестиция, ешкім ешкімнен қарыз алып жатқан жоқ, қытайлар болат шығаратын зауыт ашып жатыр. Сондықтан әрбір жоба ерекше, – дейді ол.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫС

Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыс – соңғы жылдары айтарлықтай кеңейіп, стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткен бағыттардың бірі. Бұл ынтымақтастық сауда, инвестиция, инфрақұрылым, энергетика және көлік-логистика салаларын қамтиды.

Қытай Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестициялар көлемі 2024 жылдың басына қарай шамамен 23 млрд доллардан асты. Ашық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанның Қытай алдындағы мемлекеттік және мемлекеттік кепілдендірілген сыртқы қарызы 2024 жылдың деректері бойынша Қытай алдындағы қарызы шамамен 9-10 млрд АҚШ доллары шамасында.

 

Серіктес жаңалықтары