×
512.44
593.15
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.44
593.15
6.52

Иран ядролық зауытының центрифугасы бүлінген

Бүгін, 10:58
Иран ядролық зауытының центрифугасы бүлінген
Фото: picture alliance/dpa/Satellite image 2019 Maxar Technologies/AP

Израиль соққысынан кейін Иран ядролық зауытының центрифугасы бүлінген, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік басшысы Рафаэль Гроссидің сөзінше, Натанздағы Иранның уран байыту зауытының центрифугасы Изараиль шабуылынан кейін бүлінген. Центрифуга электр энергиясы тапшылығынан істен шығуы мүмкін. Зауыттың жер бетіндегі нысандары толықтай жойылған.

Агенттік Натанздағы ядролық зауытта уран 60 пайызға дейін байытылған. Израиль шабуылынан кейін зауытта радиологиялық және химиялық ластану мөлшері шектік нормадан жоғары болған. Бірақ зауыттан тыс аймақта радиация көрсеткіші қалыпты жағдайда.

Иранның ядролық бағдарламасы үшін ең маңызды жер астындағы Фордо уран байыту зауытына ешқандай зақым келмеген. Ол әлі де жұмысын жалғастырып жатыр. Ол елдің орталық бөлігіндегі Құм қаласының іргесінде орналасқан.  

Фордо – жер астында 80-90 метр тереңдікте уран байытатын зауыт. 13 маусымда Израиль әскери операцияның алғашқы күні зауыттың жер бетіндегі бөлігінде екі жарылыс болғанын айтқан. 16 маусымда Иранның сейсмологиялық орталығы Фордо аймағында 2,5 баллдық жер сілкінісі болғанын хабарлады.

АҚШ-тың Axios басылымы 14 маусымда Израиль Иранның ядролық бағдарламасын құрту үшін АҚШ-ты көмекке шақырғанын жазды. Израильде Иранның жер асты уран байыту зауыттарын жоятын зымыран мен жойғыш ұшақтар жоқ.

 

Серіктес жаңалықтары