×
512.44
593.15
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.44
593.15
6.52

Бишімбаевтің інісі Байжанов бостандыққа шығуы мүмкін

Бишімбаевтің інісі Байжанов бостандыққа шығуы мүмкін
Фото: Ulysmedia.kz

Қуандық Бишімбаевтің інісі Бақытжан Байжанов мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Ұлысмедиа тілшісіне Бақытжан Байжановтың адвокаты Ғазиз Ынтықбаев айтты. 

РАҚЫМШЫЛЫҚ

Ынтықбаевтың сөзінше, рақымшылыққа қатысты екі негізгі тұсы бар. 

- Біріншіден, жазадан мүлдем босату деген бар. Байжанов оған ілікпейді. Екіншіден, жазаның мөлшерін қысқарту бар. Бақытжан осы екіншісіне ілінеді. Яғни өтелмеген жазаның үштен бірі қысқартуға жатады. Одан бөлек, мерзімінен бұрын босату және жазасын жеңіл түрдегі жазаға ауыстыру бар. Осылар бойынша Байжановтың уақыты келді, – дейді адвокат. 

Яғни қазіргі уақытта Бақытжан Байжановтың мерзімінен бұрын босатуға өтініш беруге құқығы бар. 

- Ол үшін Степногорск қаласының сотына өтінішхат жазуы керек. Оны өзі тікелей жаза алмайды, түзеу мекемесінің әкімшілігі арқылы жазуы тиіс. Ал мекеме тиісті құжаттарды, мінездемені жинап сотқа жолдайды. Сосын сот залында өтінішхат қаралады. Бірақ қазіргі уақытта әлі өтінішхат түскен жоқ, – дейді Ғазиз Ынтықбаев. 

БАЙЖАНОВ ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖАЗАСЫН ӨТЕП ЖАТЫР

Адвокаттың сөзінше, Бақытжан Байжанов қазіргі уақытта Степногорск қаласындағы қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр. 

СОТ ҮКІМІ

Айта кетейік, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылған болатын. Сот үкімімен ол 2024 жылы 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары