×
512.44
593.15
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.44
593.15
6.52

Шәріп Серікті Бишімбаевпен байланыстырған тұрғынға қатысты шешім шықты

Шәріп Серікті Бишімбаевпен байланыстырған тұрғынға қатысты шешім шықты
Видео кадры

Актер Серік Шәріп пен Қуандық Бишімбаевты байланыстырып жасанды интеллект арқылы видео жасаған тұрғынға қатысты полиция шешімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Алматының полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша тексеру жүргізілген. Оның нәтижесі бойынша актердің арызы қараусыз қалдырылған.

- Бейнематериалды жасау барысында жеке өмірге қол сұғылмаушылық, жеке деректер және азаматтардың өзге де құқықтарын бұзу фактілері анықталған жоқ. Тексеру нәтижесінде құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты арыз қараусыз қалдырылды, делінген полиция жауабында. 

ВИДЕО

Айта кетейік, Threads желісінде Арман есімді қолданушы сәуір айының басында жасанды интеллект көмегімен жасалған видеоны жариялаған. Онда актер Серік Шәріп пен кісі өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың бейнесі қатар көрсетілген.

Артынша актер видео авторының үстінен сотқа арыз түсірген

ЖАНЖАЛ

Биыл сәуірде қазақстандық блогер Алия Бутеева актер Шәріп Серіктің жалаңаяқ күйінде оның артынан жүгіріп шығып, қолынан жұлқып, лифтіден күшпен алып шыққан сәтін түсірген фото мен видеоны жариялады. Суреттерде қыздың бетінде соққыдан із қалғаны да анық көрінеді. 

Серіктес жаңалықтары