Астанадағы жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен Алуа Бекен ауруханадан шықты. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Вице-министрдің айтуынша, зардап шеккендердің барлығына дер кезінде медициналық көмек көрсетілген. Аяғынан айырылған қыз бала да толық көлемде ем алған.
– Бүгін ол стационардан шығарылды. Медициналық көмек толық көрсетілді. Өкінішке қарай, өмірін сақтау үшін аяқтарын кесуге тура келді, – деді Мұратов.
Енді қызға арналған жеке оңалту бағдарламасы жүзеге асырылады.
ЖОЛ АПАТЫ
Астанадағы Республика даңғылында автобус ақпараттық тақта тіреуіне соғылып, жол апаты қоғамда үлкен резонанс туғызды. 15 жолаушы зардап шегіп, үшеуі ауыр хәлде ауруханаға түсті. Ең қатты зардап шеккен 8 жастағы қыз екі аяғынан айырылған. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, автобус жүргізушісі қамауға алынды. Дей тұрғанмен бұл апатқа қатысты маңызды бір жайт – әкімдіктің жанама жауапкершілігі болуы мүмкін деген мәселе көптің назарынан тыс қалып барады. Ulysmedia.kz осы жағдайды тереңірек зерттеп көрген еді.