Ираннан Әзербайжан арқылы 17 елдің 600-ден астам азаматы эвакуацияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Report басылымына сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Есепке сәйкес, гуманитарлық өту процесі бес күннен бері жүзеге асырылып жатыр.
Израиль мен Иран арасындағы соғыс басталғалы бері 600-ден астам адам Астара шекара өткелі арқылы жайлы жағдайда эвакуацияланды. Эвакуацияланғандар қатарында 17 елдің азаматтары бар.
ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫ ДА БАР
Олардың қатарында ТМД елдері – Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бар. Еуропа елдерінен Германия, Испания, Италия, Сербия, Румыния және Португалия азаматтары сұраныс бойынша эвакуацияланған.
Елдеріне қайтарылған шетелдіктер арасында АҚШ, БАӘ, Қытай және Вьетнам азаматтары да бар, бірақ олардың саны көп емес.
Эвакуацияланған азаматтардың айтуынша, Иран жағында Әзербайжан шекарасынан өту үшін кезегін күтіп отырған жүздеген адам бар.