×
517.45
598.59
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.45
598.59
6.58

ЦАРКА 16 млн қазақстандықтың жеке дерегі тарап кетті деген мәліметке түсініктеме берді

Бүгін, 08:30
ЦАРКА 16 млн қазақстандықтың жеке дерегі тарап кетті деген мәліметке түсініктеме берді
Ulysmedia коллажы

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты ЦАРКА қызметі 16 миллион қазақстандықтың деректері бар базаның жариялануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

16 миллион қазақстандықтың жеке деректері тарағаны туралы ақпарат интернетте пайда болғаннан кейін Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығы (ЦАРКА) ресми мәлімдеме жасады.

Орталық мамандары ашық қолжетімділікке шыққан деректер базасының шығу тегін зерттеуді бастап кеткен. Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша, бұл базаның шын мәнінде жаңа емес екені анықталған. Яғни, бұрын әртүрлі уақыттарда ұрланған және тараған жеке деректер қайта жинақталып, бір файлға біріктірілген.

«Қазір біз бұл база — бұрын ұрланған және шашыраңқы күйде болған ескі деректердің жинақталған нұсқасы деп есептейміз. Мұндай жағдайлар даркнетте жиі кездеседі, мұндағы мақсат — деректер базаларын сату», — делінген ЦАРКА мәлімдемесінде.

Мұндай “құрастырылған” базалар көбінесе даркнетте сату мақсатында жарияланады. Әрдайым өзекті немесе шынайы бола бермейді.

КОНТЕКСТ

16 маусымда Telegram-арна SexuriXy.kz қазақстандықтардың жеке деректері тағы да жаппай тарағаны туралы хабарлады. Архивтік файлда азаматтардың аты-жөні, жынысы, туған күні, ЖСН, байланыс нөмірлері (ұялы, жұмыс, үй), азаматтығы, ұлты және мекенжайы қамтылған.

Жалпы алғанда, интернетке 15,8 миллион бірегей ЖСН мен 16,9 миллион телефон нөмірі тараған.

Бүгін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл дерек бойынша тексеріс басталғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары