Мәжілісте Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері қаралып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жиында есеп берген палата төрағасы Әлихан Смайылов , оң нәтиже ретінде былтыр республикалық бюджеттен квазимемлекеттік секторды қаржыландыру көлемі 29%-ға жуық қысқарғанын атап өтті. Дегенмен холдингтердегі активтерді ұтымсыз басқару фактілеріне жол беру жалғасып келеді.
«Бәйтерек» холдингінің компаниялары жеңілдікпен берілетін ресурстарды түпкілікті алушыларға жеткізу мерзімін ұзаққа созады. Жобаларды іріктеу процесі жеткілікті деңгейде ашық емес. Мәлімделген KPI-ға жетпеген немесе қарсы міндеттемелер мүлдем қарастырылмаған жобаларға қолдау көрсетілген, – дейді ол.
«Самұрық-Қазына» қоры жалпы құны 239 млрд теңге болатын тау-кен, металлургия және өнеркәсіп салаларындағы 13 жобаны тоқтатқан.
ДЕПУТАТТАР СЫНЫ
«Бәйтерек» холдингінің тендерлерінің 50 пайызы бір көзден өткізіледі, бұл әділетсіздік деп жақында депутат Әділ Жұбанов дабыл қаққан. Не себепті олай екенін Ulysmedia.kz тілшісі холдинг басшысы Рустам Қарағойшинге қойған.