Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ
- Жалпы айтайын, Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық іс жоқ, дейді министр.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Шерзат Полаттың өлімі бойынша өткен сот отырысының жарыссөзінде сотталушы Нұрқияс Ілиясовтің адвокаты Нұрлан Қилыбаев тергеу кезіндегі қысым сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының объективтілігіне үлкен күмән туғызады деп мәлімдеп, Қаржаубайды соттауды сұраған.