×
517.45
598.59
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.45
598.59
6.58

Түрмеде отырған Мәсімовтің денсаулығы нашарлағаны рас па

Бүгін, 16:40
Түрмеде отырған Мәсімовтің денсаулығы нашарлағаны рас па
Ulysmedia.kz коллажы

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовтің денсаулығына қатысты журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Журналистер министрден Мәсімовтің денсаулығы нашарлағаны жөніндегі ақпаратқа байланысты түсініктеме беруді сұрады.

– Оның жағдайы қалыпты. Жазасын өтеп жатыр. Өкілінің айтқан уәждері тексеріліп жатыр. Бүгінгі күнге ресми түрде айтарым – денсаулығы қалыпты. Ол сот белгілеген тәртіпке сай бас бостандығынан айыру орындарында отыр, – деді Сәденов.

ДЕНСАУЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ

Айта кетейік, 2023 жылы Кәрім Мәсімовтің ресми сайтында айыпталушының сотқа жете алмауы мүмкін деген ақпарат жарияланды.

- 4 сәуірде Джонс Хопкинс университетіндегі Кәрім Мәсімовтың дәрігері, доктор Эрнест Браун Мәсімовтың ерте өлімінің қаупі жоғары деген ұйғарым жасады. 2023 жылдың қаңтарында медициналық көмектің болмауына байланысты шұғыл операциядан зардап шеккен, прогрессивті екі жақты көз катарактасы мен ауыр созылмалы коронарлық артерия ауруы бар "Кәрімді одан әрі қамауда ұстау оның инфаркттан немесе инсульттан ерте өліміне әкеліп соғады, – делінген сайттағы жарияланымда.

Дәрігер сонымен қатар, егер шұғыл көмек көрсетілмесе, Мәсімовтің денсаулығы нашарлай түсетінін айтқан.

МӘСІМОВ ІСІ

2023 жылдың сәуірінде сот Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты үкім шығарды. Ол мемлекетке опасыздық жасады, билікті басып алуға насихаттады және қызмет өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып бойынша кінәлі деп танылды.

Серіктес жаңалықтары