×
517.45
598.59
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.45
598.59
6.58

Украинадағы мәйіттерді тануға бір жылдай уақыт қажет

Бүгін, 18:32
Украинадағы мәйіттерді тануға бір жылдай уақыт қажет
Ашық дереккөзден

Украина ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, Ресей тарапынан қайтарылған қаза тапқан украиналықтардың денелерін толық идентификациялауға бір жылдан астам уақыт қажет болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Игорь Клименко телемарафон эфирінде мәлімдеді. BBC-дің жазуынша, қаза тапқан азаматтардың денелері репатриациялық алмасу аясында Ресейден Киевке берілген.

– Біз алған әрбір пакетте бір адамның емес, бірден екі-үш адамның дене бөліктері болуы мүмкін. Сараптама барысында бір адамның қалдықтары әртүрлі пакеттерден немесе әртүрлі репатриациялардан табылып жатыр, – деді Клименко.

Министрдің пайымынша, бұл Ресей тарапының әдейі жасалып отырған қадамдары, яғни денелерді тану процесін қиындатып, уақытты ұзартып отыр.

ДНҚ

Клименконың айтуынша, сот-медициналық сарапшылардың басты мақсаты – ДНҚ үлгісін бөліп алу.

– Біздің сарапшылардың ең төменгі есебінше, алты мың адамның денесін толық идентификациялау үшін шамамен 13–14 ай уақыт қажет. Бұл – ең аз дегендегі мерзім, – деді министр.

Қазіргі таңда Украинада денелердің жеке басын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр, бұл процесс ұзақ әрі күрделі болмақ.

Серіктес жаңалықтары