Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, бұл шара азық-түліктің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, бағаны тұрақтандыру үшін қолға алынған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нақты қолжетімділігін қамтамасыз ету мен бағаны тұрақтандыру мақсатында АШМ тауарлар экспортын тарифтік емес реттеу шараларын қабылдаған. Олар:
2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімге күнбағыс пен күнбағыс майы экспортына сандық шектеулер;
3 ай мерзімге картоп пен сәбіз экспортына тыйым салу;
Ірі қара мал мен ұсақ малды 6 ай мерзімге шығаруға тыйым салу;
Жем-шөп шығаруға тыйым салынады.
«Маусымаралық кезеңде импорттық жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуді ұйымдастыру мүмкіндігі пысықталып жатыр», - деді Ербол Қарашөкеев үкіметтің бүгінгі отырысында.