×
518.81
596.27
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.81
596.27
6.63

Сүлейменов доллар неге күрт қымбаттағанын түсіндірді

Бүгін, 13:30
Сүлейменов доллар неге күрт қымбаттағанын түсіндірді
Ulysmedia коллажы

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов соңғы күндері доллар бағамының күрт өсуінің негізгі себептерін атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, доллар бағамы 520 теңгеге жақындағанымен, пайыздық тұрғыдан алғанда оның өсуі айтарлықтай көп емес.

 Шын мәнінде, ол қай деңгейден өскеніне қарасақ, пайыздық көрсеткіш бойынша бұл аса үлкен өсім емес. Негізгі факторлар – басталған демалыс маусымы, сондай-ақ бюджет пен квазимемлекеттік бағдарламалардың іске аса бастауы. Бюджеттік рәсімдерге байланысты қаражат маусым айына қарай бюджет әкімшілеріне жете бастайды. Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды іске асырудың белсенді кезеңі басталды. Көп жоба жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді импорттаумен байланысты. Соған сәйкес, сауда көлемі де артты. Соңғы күндері сауда айтарлықтай көбейді, – деді ол.

Алдағы жағдай қалай болады деген сұраққа ол былай дейді:

Біз доллар бағамының ары қарай өсуіне себеп көріп отырған жоқпыз. Болашаққа болжам бере алмаймыз, дегенмен негізгі факторларды атап өттім. Ішкі экономика тұрақты, өсіп келеді. Ал сыртқы факторларды ешкім болжай алмайды, – деп қосты Сүлейменов.

МҰНАЙ

Иран мен Израиль арасындағы әскери қақтығыстар мен Ормуз бұғазының жабылу қаупіне байланысты мұнай бағасы қымбаттады. Бұл қанша уақытқа созылатынын ешкім білмейді. Бірақ қазіргі сәтте бұл біз үшін оң әсер беріп тұр, өйткені біз – мұнай экспорттайтын елміз, – деді Ұлттық банк басшысы.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Қазақстанда доллар бағамының өсуі сауда көлемінің артуымен байланысты екені хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары