×
518.81
596.27
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.81
596.27
6.63

АҚШ-тағы жаңа ереже: Саясат Нұрбек студенттерге маңызды ескерту жасады

Бүгін, 14:20
АҚШ-тағы жаңа ереже: Саясат Нұрбек студенттерге маңызды ескерту жасады
Фото: reuters

АҚШ-та студенттік визаларға өтініш қабылдау қайта жанданды. Жаңа талаптарға байланысты ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттерге әлеуметтік желілердегі парақшаларын "тазалап шығуға" кеңес берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

АҚШ Мемлекеттік департаменті жаңа ережелер енгізді. Енді Америкада білім алуға виза алуға өтініш берген шетелдік студенттердің әлеуметтік желідегі аккаунттары тексеріледі. Бұл талап консулдық қызметкерлерге өтініш берушілердің «жаулық көзқарасы» бар-жоғын анықтау үшін енгізіліп отыр.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА КЕҢЕС

Сенаттың дәлізінде сөйлеген министр Саясат Нұрбек студенттерге маңызды ескерту жасады.

– Визаға өтініш бергендердің әлеуметтік желілеріндегі жазбалары олардың саяси көзқарастарына, белгілі бір ұстанымдарға қолдау білдіріп-білдірмегеніне байланысты тексеріледі. Бұл – АҚШ-тың ресми саясатына қайшы келетін пікірлер болуы мүмкін. Сондықтан барлық студенттерге ескерту жасағым келеді: аккаунттарыңызды тазалап шығыңыздар, өте мұқият болыңыздар. Себебі бұл – АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми мәлімдемесі, – деді ол.

Серіктес жаңалықтары