Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желілерде тараған «студенттер диплом қорғағаннан кейін оқытушыларға дастархан жаюға міндеттеледі» деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЕКСЕРІС
Министрдің айтуынша, бұл мәлімдемелер тексеріс нәтижесінде расталмаған.
– Әлеуметтік желілерде диплом қорғағаннан кейін дастархан жаюға мәжбүрлейді деген жазбалар тарады. Біз мемлекеттік те, жекеменшік те жоғары оқу орындарымен қосымша жиналыс өткіздік. Студенттерге қандай да бір қосымша қаржылық міндеттемелер жүктеуге қатаң тыйым салдық. Аталған фактілер расталмады, бірақ бұл мәселені қатты бақылауға алдық, – деп сендірді министр.
БҰҒАН ДЕЙІН
Айта кетейік, бұған дейін Саясат Нұрбек қазақстандық студенттерге маңызды ескерту жасаған болатын.