×
518.81
596.27
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.81
596.27
6.63

16 миллион қазақстандықтың жеке деректері тарап кетті: тергеу басталды

Бүгін, 18:35
16 миллион қазақстандықтың жеке деректері тарап кетті: тергеу басталды
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстан азаматтарының жеке деректерінің жаппай тарауына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің мәлімдеуінше, жеке деректердің таралуы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы бойынша («Жеке өмірге қол сұғушылық және дербес деректерді қорғау заңнамасын бұзу») қылмыстық іс тіркелген.

Аталған іс бойынша тергеу жүргізу құзыреті Ішкі істер министрлігіне берілген.

КОНТЕКСТ

16 маусымда Telegram-арна SexuriXy.kz қазақстандықтардың жеке деректері тағы да жаппай тарағаны туралы хабарлады. Архивтік файлда азаматтардың аты-жөні, жынысы, туған күні, ЖСН, байланыс нөмірлері (ұялы, жұмыс, үй), азаматтығы, ұлты және мекенжайы қамтылған.

КІМДЕР ПІКІР БІЛДІРДІ

Бұл жайтқа қатысты премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пікір білдірген еді. 

Серіктес жаңалықтары