×
519.55
596.03
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.55
596.03
6.63

«О, махаббат» әнінің авторы Қайрат Нұртасты сотпен қорқытты

Бүгін, 08:04
«О, махаббат» әнінің авторы Қайрат Нұртасты сотпен қорқытты
Ашық дереккөзден

«О, махаббат» әнінің авторы Самат Жаңғазин Қайрат Нұртастан өз рұқсатынсыз әнін айтпауды талап етті. Егер бұл талап орындалмаса, сотқа жүгінетінін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналист Михаил Козачковтың хабарлауынша, музыкант Самат Жаңғазин отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртасқа жария түрде үндеу жолдаған. Ол «О, махаббат» әнінің авторы өзі екенін және Қайрат Нұртастың бұл туындыны ресми рұқсатсыз айтып жүргенін мәлімдеді. Жаңғазиннің айтуынша, ол әнді пайдалануға ешқандай келісім бермеген.

Музыкант егер авторлық құқықты бұзыла берсе, өз мүддесін сот арқылы қорғайтынын айтты. Талаптарының салмақты екенін және қолданыстағы зияткерлік меншік туралы заңнамаға толық сәйкес келетінін атап өтті.

Самат Жаңғазин Қазақстанда авторлық құқықты бұзғаны үшін 5 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін екенін еске салды. Оның айтуынша, егер бұл мәселе бейбіт жолмен шешілмесе, келтірілген залал дәл осындай сомаға жетуі ықтимал.

Қайрат Нұртас әзірге Жаңғазиннің айыптауларына қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.

Серіктес жаңалықтары