×
519.55
596.03
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.55
596.03
6.63

«Күш қолданудан қорықпайды»: Трамп әкімшілігі Иранға қатысты шешімді қашан қабылдайтынын айтты

Бүгін, 10:47
«Күш қолданудан қорықпайды»: Трамп әкімшілігі Иранға қатысты шешімді қашан қабылдайтынын айтты
Фото: AP Photo / Jacquelyn Martin

Вашингтон алдағы екі апта ішінде Ирандағы жағдайға араласуға қатысты шешім қабылдайды. АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесі Ақ үйдегі баспасөз брифингінде оқылды. Эфирді Fox News арнасы көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

Трамптың айтуынша, мерзім «келіссөздер жүргізудің айтарлықтай ықтималдығы бар екеніне байланысты» таңдалған. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт келіссөздердің кім жүргізедідеген сұраққа жауап бермеді.

«Президент Трамп Ирандағы режимді өзгертуге мүдделі ме?» деген сұраққа Левитт Трамптың Иранның ядролық қарудан аулақ болуына мүдделі екенін айтты.

«Трамп Иранмен тікелей қақтығыстан аулақ бола ма?» деген сұраққа Левитт президент дипломатиялық шешімге мүдделі, бірақ «күш қолданудан қорықпайды» деп жауап берді.

Левиттің сөзінше, Иранда ядролық қару жасау үшін қажет нәрсенің бәрі бар. «Бұл саяси шешім мәселесі» деді ол. Оның пікірінше, егер Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи осындай шешім қабылдаса, атом қаруы Тегеранда «бірнеше апта» ішінде пайда болады. Трамп бұған барлық басқа елдер, соның ішінде Ресей де мүдделі еместігіне сенімді.

 

Серіктес жаңалықтары