Маштаково бекетінде Ресейге кіру кезінде өткізу қабілетінің уақытша шектелуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Росгранстрой хабарлауынша, Орынбор облысында Қазақстанмен шекарада орналасқан Маштаково автокөлік өткізу пунктінде ПИДК-ны (паспорттық-идентификациялау деректер кешені) қызмет көрсету жұмыстарына байланысты Ресейге кіру кезінде көлік жиналуы мүмкін. Бұл шектеу жергілікті уақыт бойынша 22:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша түнгі 00:00-ге дейін) жалғасуы ықтимал.
– Росгранстрой жүк тасымалдаушыларға шекарадан өтуге артық уақыт жоспарлауды немесе балама өткізу бекеттерін – Теплое (тек Қазақстан және Ресей азаматтарына арналған) немесе Ілек пунктін қарастыруды ұсынады, – делінген хабарламада.
КОНТЕКСТ
2025 жылдың 30 маусымынан бастап Ресейде визасыз режиммен жүретін шетел азаматтарына, соның ішінде қазақстандықтарға қатысты жаңа кіру ережелері күшіне енеді. Оған сәйкес, көрші елге бару үшін кемінде 72 сағат бұрын RuID платформасы арқылы электронды өтінім беріп, QR-код алу қажет.
Шекарадан өткен кезде биометриялық сәйкестендіруден өту де міндетті болады — саусақ іздері алынып, фотосуретке түсіріледі.
Ішкі істер министрі Ержан Саденов Ресейге кіру ережелерінің күшеюіне Қазақстан қалай жауап беретінін айтты.