×
521.57
601.01
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.57
601.01
6.65

"Бүкіл Украина біздікі" — Путин

Бүгін, 08:42
"Бүкіл Украина біздікі" — Путин
news-pravda.com

Владимир Путин Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы кезінде орыстар мен украиндарды тағы да бір ұлт деп атап, Ресей "рухани жақын" адамдарды қорғау үшін әрекет етіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясындағы пленарлық отырыста Украинаға қатысты тағы бір даулы мәлімдеме жасады.

Ол орыстар мен украиндар — бір халық деп тағы қайталады.

– Біздің әрекетіміз өзін Ресеймен қан арқылы, рухани тұрғыда байланысты сезінетін халықты қорғауға бағытталды, – деді ол.

Путин бұл тақырыпта бұған дейін де айтқанын және өзінің осы ұстанымынан айнымайтынын жеткізді:

– Бұл тұрғыда бүкіл Украина біздікі.

Бұл мәлімдеме екі ел арасындағы қақтығыстың жалғасып жатқан тұсында және Мәскеуге бағытталған халықаралық сынның күшейген шағында айтылып отыр. Украина билігі бұған дейін мұндай сөздерді “егемендікке қол сұғу” деп бірнеше мәрте мәлімдеген.

Еске салайық, бұған дейін Путин Қазақстан мен Ресейді байланыстырған факторлар туралы айтқан еді.

Путиннің сөзінше, Қазақстан мен Ресей – көптеген фактор біріктіретін одақтастар.

– Қазақстанмен қарым-қатынасымыз ерекше. Бұл – айқын нәрсе, мұны бәрі жақсы түсінеді. Бұл сөздің тура мағынасындағы одақтастық қатынас. Ортақ тарихымыз, бір мемлекет құрамында өмір сүрген кезең, адамдар арасындағы жеке және гуманитарлық байланыстар – мұның бәрі аса маңызды, – деді ол Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумының аясында ірі халықаралық ақпарат агенттіктері басшыларымен кездесуде.

Серіктес жаңалықтары