×
521.57
601.01
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.57
601.01
6.65

Ыстықтың беті қайтпайды: 22 маусымда ауа райы қандай болады

Бүгін, 16:56
Ыстықтың беті қайтпайды: 22 маусымда ауа райы қандай болады
Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы 22 маусым, жексенбіге арналған республикалық ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігіне циклон және соған байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.

– Жексенбі күні елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде бұршақ түсуі мүмкін. Республиканың көп өңірінде жел күшейіп, солтүстік пен оңтүстікте күндіз шаңды дауыл соғады, – делінген хабарламада.

Күндіз Жетісу облысында 36 градус аптап ыстық болады.

Ұлытау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында да сынап бағаны 35 градус ыстыққа дейін жетеді.

Қызылорда облысында 22 маусым, жексенбі күні 40 градус аптап ыстық болады деп болжанып отыр.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары