×
521.57
601.01
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.57
601.01
6.65

Ұйымдасқан қылмыстық топ: Қазақстанда жыл басынан бері 50-ден астам іс қозғалды

Бүгін, 12:45
Ұйымдасқан қылмыстық топ: Қазақстанда жыл басынан бері 50-ден астам іс қозғалды
Polisia.kz

Қазақстанда жыл басынан бері қылмыстық құрылымдардың басшылары мен қатысушыларына қатысты 51 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Алматының полиция департаменті күзет қызметі түрінде әрекет етіп, іс жүзінде бұзақылық, бопсалау және қару сақтау сияқты заңсыз әрекеттермен айналысқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр. Олардың заңға қайшы әрекеті 2025 жылғы қаңтар айында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тарапынан тоқтатылды. 

– Сонымен қатар трансұлттық сипаттағы жеті ұйымдасқан қылмыстық топ бойынша және бір қылмыстық қауымдастық құру фактісі бойынша істер тергеліп жатыр, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қазақстан криминалитетінің өкілдеріне қатысты трансұлттық қылмыстық қауымдастық құру және оған басшылық ету фактісі бойынша алғаш рет сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған істер бойынша қылмыстық қудалау аясында тек ел ішінде емес, шетелде де ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдар бар. Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі және Бас прокуратурамен бірлесіп, дәлелдемелер жинау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп, жалпы 150-ден астам адам жауапкершілікке тартылып жатыр.

– Кейінгі екі жыл ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, басқару және оларға қатысу фактілері бойынша қозғалған 90-нан астам қылмыстық іс аяқталып, сотқа жіберілді. 13 ұйымдасқан қылмыстық топ бойынша сот шешімдері шығарылды. Аталған істер бойынша 130-дан астам адам 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Мысалы, Qarmet АҚ нысандарынан ұрлық жасауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты көп эпизодты қылмыстық іс бойынша 24 адам әртүрлі мерзімге сотталды, оның ішінде топ басшысы 12 жылға бас бостандығынан айырылды, – деді Қуандық Алпыс.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандық бизнесмен Ерқанат Жұмабековке іздеу жариялаған еді. Жұмабеков Камчы Көлбаев басқарған ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландырды деген күдікке ілінді.

Серіктес жаңалықтары