"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 23 маусымда Шымкентте, Астанада және елдің 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, солтүстігінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші – 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, шөлді аудандарында 40 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте төтенше өрт қаупі бар.
Атырау облысының батысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде кей уақыттарда нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Қарағанды облысының батысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр, бұршақ, күндіз облыстың солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с болады. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында найзағай, күндіз найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл, облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде 15-20 м/с-ке жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні – 15-18 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Қостанай облысыңың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ түседі, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталды.
Астанада таңертең және күндіз нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл, найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында, күндіз орталықта найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз 35-36 градус аптап ыстық сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, найзағай, бұршақ, дауыл. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні – 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 36 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ түседі, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Күндіз облыс бойынша 38 градус аптап ыстық болады. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл. Найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 25 м/с-ке жетеді. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с-ке жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыс бойынша 40 градус аптап ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының онтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні – 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус аптапр ыстық болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.