×
521.57
601.01
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.57
601.01
6.65

Трамп Ирандағы аятолла режимін ауыстыру туралы айтты

Бүгін, 11:37
Трамп Ирандағы аятолла режимін ауыстыру туралы айтты
Фото: AFP

АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы саяси режимді ауыстыру жөнінде айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Маусымның 23-іне қараған түні Дональд Трамп Truth Social желісінде Ирандағы қақтығыс пен саяси режимге қатысты жазба жариялады. Ол онда Тегерандағы аятолла режимін ауыстыруды меңзеді.

– «Жүйені ауыстыру» түсінігін пайдалану саяси тұрғыда сауатты бола қоймас. Десе де, қазіргі жүйе Иранды бұрынғыдай ұлы ете алмаса, онда режимді ауыстыру керек шығар? MIGA, – деп жазды Трамп.

MIGA аббревиатурасын Трамп президент сайлауы кезінде пайдаланған ұранына ұқсатып жазған. Сайлау кезінде ол «Make Amerika Great Again» (MAGA, «Американы тағы да ұлы етеміз»)ұранын қолданған. Бірақ бұл жолы ол оны «Make Iran Great Again» деп өзгерткен.

Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху да Ирандағы саяси режимді ауыстыру туралы айтқан.

22 маусымға қараған түні АҚШ Иранның ядролық нысандарына әуеден шабуыл жасаған. Кейіннен Дональд Трмап Фордо, Исфахан, Натанздағы ядролықтар нысандардың көзі жойылды деген. Иран АҚШ шабуылын растаған. Бірақ нысандардың толықтай қирағанын жоққа шығарған.

 Иран мемлекеттік телерадиокешені басшысының орынбасары Хасан Абедини Иран билігі үш ядролық нысаннан соққы жасалмай тұрып материалдарды алып кеткенін мәлімдеген.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) АҚШ соққысынан кейін Иран аумағында жоғары радиация тіркелмегенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары