Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Қазақстанда активтерді қайтару және келтірілген залалды өтеу процесі жалғасып жатқанын хабарлады. Оны өткізу тәсілдерінің бірі заңсыз жолмен келген активтерді сотқа дейін тәркілеу, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Агенттік 2022 жылдан бері іздеуде жүрген күдіктінің қылмыстық жолмен тапқан қаржысы мен жылжымайтын мүлік активтерін анықтаған.
– Ол жылжымалы және жылжымайтын мүліктің қымбат объектілерін, оның ішінде жұбайына ресімделген объектілерді сатып алу үшін шамамен 1,5 млрд теңге заңсыз ақшаны пайдаланды. Олардың қатарына люкс автомобиль, пәтер, жер учаскелері, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тұрғын үйлер мен құрылыстар бар. Тергеу қосымша 1,7 млн АҚШ долларын (872 млн теңгеден астам.) және Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінде күдікті мен оның жұбайының шоттарында 47 млн теңге барын анықтаған. Олар қаржы қылмыс жасау кезеңінде алынған және олардың ресми кірістеріне сәйкес келмейді, – делінген агенттік таратқан ақпаратта.
16 маусымда сот шешімімен бұл активтер тәркіленген. Бұған дейін қайтарылған активтер қайда жұмсалып жатқаны туралы айтылған.