Қазақстанда креативті индустрия өкілдері салық кодексінің жаңа редакциясына қатысты алаңдаушылық білдіріп, мемлекеттік органдарға ашық хат жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Салық кодексінің жаңа нұсқасына сәйкес, «жеңілдетілген режимдегі» жеке кәсіпкерлерден сатып алынған қызметтерді заңды тұлғалар мен жалпыға бірдей белгіленген салық режиміндегі жеке кәсіпкер өздерінің шығындары ретінде есептей алмайды.
Digital Business мәліметінше, бұл өзгеріс B2B сегментінде жұмыс істейтін жеңілдетілген режимдегі кәсіпкерлердің мүмкіндігін шектейді. Нәтижесінде продакшн және жарнама агенттіктерінің шығындары шамамен 20%-ға артуы мүмкін, мердігерлер саны қысқарып, жұмыс процестері қиындай түседі.
ҰСЫНЫС
Хат авторлары бірнеше нақты ұсыныс ұсынды:
Ашық хат премьер-министрге және парламентке жолданған.
БҰҒАН ДЕЙІН
23 маусымда сенат депутаттары кодекс жобасын мәжіліске қайтарды.