×
523.46
600.04
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.46
600.04
6.69

Қазақстандық авторлардың кітаптары Ресейде сатылымнан алынып жатыр

Бүгін, 15:30
Қазақстандық авторлардың кітаптары Ресейде сатылымнан алынып жатыр
ЖИ / ulysmedia.kz

Ресейдің «Альпина» баспасы өз серіктестеріне сату тоқтатылатын кітаптар тізімін жолдады. Бұл туралы журналист Олег Кашин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тізімге 25 шығарма енген. Олардың қатарында Ресей, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Израиль және Қазақстан авторларының кітаптары бар.

ҚАНДАЙ КІТАПТАР САТЫЛЫМНАН АЛЫНДЫ

Сатылымнан алынатын шығармалардың ішінде бірнеше қазақстандық автордың еңбегі де бар:

  • Анастасия Намның «Однажды в Казахстане» атты шығармасы — заманауи проза жанрындағы туынды. Онда абьюзивті қарым-қатынастар, жұмыс орнындағы харассмент және күрделі өмірлік жағдайларды еңсеру мәселелері көтеріледі.
  • Виктор Порасконың «Звёзды за той темнотой» романы — мистикалық триллер. Шығармада хоррор, драма элементтерімен қатар мектептегі буллинг, отбасындағы зорлық-зомбылық, психологиялық жарақаттар мен кісі өлтіру тақырыптары қамтылған.
  • Саша Левиннің «Жакоша» романы — бұрынғы журналисттің тәуелділікпен күресі туралы хоррор жанрындағы шығарма.

ТУЫНДЫЛАР

Тізімде көркем әдебиетпен қатар, ғылыми-көпшілік бағыттағы (нон-фикшн) кітаптар да бар. Олардың негізгі тақырыптары — жыныстық қарым-қатынас, саясат, ЛГБТ мәселелері, дін және театр.

НЕЛІКТЕН БҰЛ КІТАПТАР ТІЗІМГЕ ЕНДІ

Қандай да бір кітаптың немесе автордың нақты не себепті сатылымнан алынғаны туралы баспа тарапы түсініктеме берген жоқ. Қазақстандық жазушылардың шығармаларының не себепті тыйымға іліккені әзірге белгісіз.

Серіктес жаңалықтары