Алматыда жазасын өтеуші жасөспірімдер кәмелетке толмаған cотталғандарға арналған колониядан қашқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазнетте Алматыдағы кәмелет жасына толмағандарға арналған колониядан екі жасөспірімнің қашпақ болғаны туралы ақпарат тарады. Ақпаратқа қарағанда жасөспірімнің бірі ұсталған. Екіншісінің қайда екені іздестіріліп жатыр.
Қылмыстық-атқару жүйесі бұл ақпаратты растады.
– Кәмелетке толмаған сотталғандарға арналған мекемеде қашу әрекетінің жолы кесілді. Сотталған адам жедел түрде ұсталды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай - ақ болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды", - делінген хабарламада.
Биыл сәуірде Қаскелең қаласында зорлау айыбымен ұсталған күдіктінің қашып кеткен. Кейіннен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты қызметіне салғырт қарау бабы бойынша іс қозғалған.